Жаңадан сайланған әкімдер су жаңа «Ниваға» ие болды

Фотография - Жаңадан сайланған әкімдер су жаңа «Ниваға» ие болды

Қазақстанда құрастырылған «Нива» автокөліктерінің кілтін Павлодар облысының Ақсу аймағының 6 ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімдеріне қала басшысы Болат Бақауов табыс етті

212 0

Қазақстанда құрастырылған «Нива» автокөліктерінің кілтін Павлодар облысының Ақсу аймағының 6 ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімдеріне қала басшысы Болат Бақауов табыс етті.

Б. Бақауов әкімдерді сайлаудағы жеңістерімен құттықтап, мәслихат депутаттарының оларға артқан жоғары сенімін ақтау керектігін атап өтті. Жаңа көліктер ауыл округтерінің басшыларына ауылдар мен селоларға жиі барып, тұрғындармен кездесіп, олардың әлеуметтік мәселелерін біліп, шұғыл шешім табуға көмектесуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін ауыл округтерінің әкімдіктері пайдаланып келген «ВАЗ-2107» автокөліктері полицияның учаске инспекторларына тапсырылды. Енді Ақсу ауылдық аймағындағы ауыл әкімдері мен тәртіп сақшылары толықтай көлікпен қамтамасыз етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!