Астанада еліміздегі алғашқы Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды

Фотография - Астанада еліміздегі алғашқы Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды

Астаналықтар бір-бірін жалғандық детекторымен тексере алады. Осы аптада, елордада Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды

233 0

Астаналықтар бір-бірін жалғандық детекторымен тексере алады. Осы аптада, елордада Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды. Мекеме полиграфтың «Диана» сериясындағы соңғы үлгісімен жабдықталған. Орталықтың қызметіне көбіне заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік құрылымдар жүгінеді.

Еңлік Дүйсенғалиева, Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығының директоры:

«Орталық кадрларды іріктеу, қызметкерлерді аттестаттау және скрининг қызметтерін ұсынады. Мысалы, бұл адамдардың жұмысқа деген ниеті қандай, жұмыс істегісі келе ме, жоқ па? Оған жұмыс керек пе? Сәйкесінше, полиграфологтарды оқытамыз. Сондай-ақ, тиісті қондырғылар сатылады, толық техникалық сүйемелдеу, кепілді және кепілден кейінгі қызметтер көрсетіледі».

Орталық көшпелі және стационар кабинеттермен жабдықталған. Соңғысында бейнекамералар орнатылған. Бір камера адамның бойын түсірсе, екіншісі - мимикалық қозғалыстарын түсіреді. Ал арнайы тексеру креслосы жаңа құралдармен жабдықталған. Оған қан тамырының соғуын, адамның мимикасын және қозғалысын тіркейтін 7 тетік қосылған - деп хабарлады baq.kz

«Полиграф эмоцияны тексеріп, бәрін толық жазады: көздің қозғалысынан бастап, артериалдық қысымын өлшеуді, адам қозғалып, оның тыныс алуы өзгергенге дейінгі қысымын өлшейді. Сондықтан полиграфты алдау мүмкін емес", - дейді Е. Дүйсенғалиева.

Сонымен қатар, орталықта 20 адамға арналған оқу сыныбы ашылды. Мұнда білім алып, тестілеу барысын бақылауға болады. Барлық үш кабинет өзара бейнекамералармен, дыбыстық қондырғылармен және бақылау техникасымен байланысқан.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!