12 млн қазақстандық төлем карточкаларын қолданады

Фотография - 12 млн қазақстандық төлем карточкаларын қолданады

2013 жылғы 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша банктер 13,7 млн. төлем карточкаларын шығарған, ал мұндай карточкаларды ұстаушылар саны – 12,1 млн. адамға жетті. Бұл туралы тілшісі ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты хабарлайды.

205 0

2013 жылғы 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша банктер 13,7 млн. төлем карточкаларын шығарған, ал мұндай карточкаларды ұстаушылар саны – 12,1 млн. адамға жетті. Бұл туралы тілшісі ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты хабарлайды.

Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шығарылған төлем карточкаларының саны 24,4%-ға артқан.

«Карточкалардың дені дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 78,2%, кредиттік карточкалардың үлесі – 19,0%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 1,3% және 1,5% сәйкес келеді»,-деп жазылған хабарламада.

2013 жылғы маусымда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 562,0 млрд. теңге болды (2012 жылғы маусым айымен салыстырғанда өсім16,9% құрады). 2013 жылғы маусым транзакциялар саны 18,0 млн. болды және 2012 жылғы маусым айымен салыстырғанда 13,4% көбейді.

Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 33,3% (транзакциялардың саны 4,5 млн.) және 28,8% (транзакциялардың көлемі 77,4 млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі тиісінше 8,0% (транзакциялардың саны 13,6 млн. транзакция) және 15,2% (транзакциялардың көлемі 484,7 млрд. теңге) құрады, деп хабарлайды Банктің баспасөз қызметі.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 48,8% және 65,1%) және банкоматтар (тиісінше 33,1% және 22,0%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 97,9% және 89,4%).

2013 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 95,2%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express Internationa және, China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!