Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетін болады

Фотография - Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетін болады

Қостанай облысыныдағы су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік және демеушілік көмек көрсетіледі

374 0

Қостанай облысыныдағы су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік және демеушілік көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

Осыған дейін хабарланғандай, 10 тамыз күні Қостанай облысының бірнеше ауданын су тасқынына байланысты су басу қаупі төнді. Бұл ұзаққа созылған жауын-шашын мен Қазақстан мен РФ Челябі облысының шекаралық аумағындағы бөгетьердің суға толуымен байланысты.

Құтқарушы қызметтер мен Қостанай облысының полицейлерінің жұмысы күшейтілді. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қарабалық, Таранов және Федоров аудандарынан 300-ден астам адам көшірілді.

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, су тасқынын жою үшін облыстың жақын маңынан ҚР ТЖМ құтқарушылары келген. Су басу қаупі зонасындағы адамдарға тамақ азығы жеткізілді. Шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін ҚР ТЖМ «Апат медициналық орталығы» ММ психологтары мен Қостанай облысының ТЖД психологтары жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта Таранов, Қарабалық және Федоров аудандарында су деңгейі төмендеп келеді.

Төтенше жағдайды жою үшін 109 техника, 362 адам, оның ішінде ТЖМ күшінен: 47 техника мен 229 адам, жергілікті атқару органдарынан: 62 техника мен 133 адам жұмылдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!