Көкшетауда 137 мың шаршы метр жол жөнделді

Фотография - Көкшетауда 137 мың шаршы метр жол жөнделді

Көкшетау қаласында ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді: 137 мың шаршы метр жол жөнделді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

220 0

Көкшетау қаласында ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді: 137 мың шаршы метр жол жөнделді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 750 млн теңгеден астам қаражат бөлінген, оның ішінде күрделі жөндеуге 526 млн теңге. Абай көшесін күрделі жөндеу жобасы бойынша жұмыстың орындалуы 2015 жылға дейін көзделген, жобаның сметалық бағасы 1 млрд теңге. Ағымдағы жылы жоспарланған жалпы көлемнің 25 % орындалды, оған 263 млн теңге қаржы қарастырылған.

"Сонымен қатар, жалпы сомасы 227 млн. теңге жол төсемін жаңарту – 105 мың шаршы метрге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, атап айтқанда, ағымдағы жөндеу бойынша келесі учаскелерде жұмыстар жүргізілген: Кенесары, Шевченко, Мир, Қуанышев, Әуезов, Ақан сері, Северная, Потанин, Гастелло, Қанай би, Байтұрсынов, Подгорная көшелері, Центральный, Көктем мөлтек және тағы басқа аудандарда барлық жоспарланған жұмыстар аяқталды", - делінген хабарламада.

Зеренді бағытындағы саяжай ауданындағы жолдарға 10 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп 4,5 мың шаршы метр жерге және 58 млн. теңге Юбилейный, Боровской, Жайлау мөлтек аудандарына, Абылай хан даңғылында Сүлейменов, Әуезов көшелерімен қиылыстардағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!