Астанада мектеп формасы мен керек-жарақтар 50% жеңілдікпен сатылады

Фотография - Астанада мектеп формасы мен керек-жарақтар 50% жеңілдікпен сатылады

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

456 0

24 және 30 тамызда Астанада қалалық алаңда «Мектепке жол» алтыншы жыл сайынғы республикалық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

Биыл жәрмеңкеге Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкенттен 28 кәсіпкер қатысады. Акция барысында мектеп формасы, оқулықтар, балаларға арналған ой-сананы дамытатын кітаптар, сөмкелер, портфельдер, рюкзактар, кеңсе заттары, мектепке арналған аяқ киім мен күртешелер, т.б. өнімдер сатылады.

Мектеп формасын 50%, ал мектепке арналған жазу құралдарын 30% төмендетілген бағамен сатып алуға болады. Сонымен қатар, қала алаңында жәрмеңке өту барысында Оқушылар сарайы, музыка, өнер мектептері оқушыларының қатысуымен концерт өткізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!