«ҚазФосфат» ЖШС күкірт қышқылы цехын іске қосты

Фотография - «ҚазФосфат» ЖШС күкірт қышқылы цехын іске қосты

Жамбыл облысында Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «ҚазФосфат» ЖШС күкірт қышқылы цехы құрылысы жобасын жүзеге асырды

269 0

Жамбыл облысында Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «ҚазФосфат» ЖШС күкірт қышқылы цехы құрылысы жобасын жүзеге асырды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне облыс басшысы Қанат Бозымбаев қатасты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тараз қаласында іске қосылған цехтың өнеркәсіптік қуаты жылына 600,0 мың тонна күкірт қышқылы өнімі, жоба құны - 14 миллиард теңге. Жаңа нысан құрылысы кезінде 350 адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, жоба жүзеге асқаннан кейін 138 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жамбыл облысында Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 546,7 миллиард теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ол бойынша 6 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, 2013 жылдың басынан Жамбыл облысында 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылған - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!