Мектепке өтінішті ғаламтормен бере аласыз

Фотография - Мектепке өтінішті ғаламтормен бере аласыз

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

425 0

Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер «E-learning» электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ол үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркелу қажет. Ата-аналар мектепті жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей бейіндері бойынша таңдай алады.

Мектеп-гимназия немесе мектеп-лицейге өтініш берген жағдайда, 3 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы туралы анықтама келіп түседі.

Кейін емтихан қорытындысы бойынша ата-аналар портал арқылы мектепке қабылдау туралы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген жауап қайтарылады.

Жалпы білім беретін мектепке өтініш 5 жұмыс күні аясында қарастырылады.

Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту қажет. Қызмет 5 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Бұл қызметке Астана, Алматы қалаларының, сонымен қатар, Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының тұрғындары жүгіне алады.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!