Ресейден Кенесары ханның мылтығын қайтару керек

Фотография - Ресейден Кенесары ханның мылтығын қайтару керек

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабұлдинов

172 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабұлдинов

Кенесары ханның басын қайтаруда Ресейлік ғалымдардың көмегі керектігін айтты.

Оның айтуынша, Кенесары ханның басын қайтаруға қатысты 8 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстаннан ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған топ бұл мәселені зерделеді. Алайда, осы проблема аяғына дейін шешімін таппады. Олар Ресей аумағындағы мұражайлар мен мұрағаттардың, тиісті қоймалардың 78 пайызын қарап шықты.

«Атап айтқанда, Кенесары ханның басы қазақ жеріне, яғни Отанына қайтарылуы тиіс»,-деп тоқталған ғалым, оны Омбыдан бастап Санкт-Петербор, Мәскеу, Ташкент қалаларынан іздеу керектігін атап өтті. Осы орайда ол достас Ресей мемлекетінің ғалымдары бұл мәселе бойынша көмек көрсететініне сенім артты.

Бұдан бөлек, З. Қабұлдинов Омбының мұражайында Кенесары ханның мылтығы сақтауға қойылғанын айта келе, осы тарихи жәдігерді елге қайтару жұмыстарымен айналысу керектігін сөз етті.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!