Батыс Қазақстанда астықтың 40 пайызы жиналды

Фотография - Батыс Қазақстанда астықтың 40 пайызы жиналды

Батыс Қазақстан облысында 135 мыңнан астам тонна астық (жалпы өнім - 90,6 мың тонна) бастырылды, бұл - егіннің 40 пайызы

239 0

Батыс Қазақстан облысында 135 мыңнан астам тонна астық (жалпы өнім - 90,6 мың тонна) бастырылды, бұл - егіннің 40 пайызы.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өңірде күздік бидай жинау толықтай аяқталды. Жалпы өнім 38,81 мың тоннаны құрап, әр гектарға 7 центнерден айналды. Жәнібек аудандарының диқандары науқанды тәмамдаса, қуаңшылыққа ұшыраған Шыңғырлау мен Сырымда бірқатар шаруашылықтар егіс алқаптарын есептен шығару жөнінде ұсыныс берді.

Облыста ең астықты аудан Зеленовта 32156 гектарға күздік, 130701 гектарға жаздық бидай егілген болатын. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Федор Азовсковтың сөзіне қарағанда, күздік бидайдан 26646 тонна астық алынды (әр гектарға 8,3 центнер). Жаздық бидайдың 20391 гектары (16928 тонна астық) орылып, ол да әр гектарға 8,3 центнерден келуде. Ауданда 15 қыркүйекке дейін барлық астық қамбаға түспек.

Облыста жасыл орақ науқаны да қатар жүруде. 15 тамызға дейінгі мәлімет бойынша қажетті мал азығының 69,3 пайызы (718,1 мың тонна) әзірленді. Бөрлі, Теректі аудандары алда келе жатса, Ақжайық пен Қазталовта орта облыстық көрсеткіштен төмен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!