Қарағандыда қалың тұманның салдарынан 5 әуе рейсі кестелерінен кешікті

Фотография - Қарағандыда қалың тұманның салдарынан 5 әуе рейсі кестелерінен кешікті

Қарағандыда қалың тұманның салдарынан 5 әуе рейсінің, атап айтқанда Қарағандыға келетін 4 және Астанаға ұшатын 1 ұшақтың уақыты кешіктірілді

171 0

Қарағандыда қалың тұманның салдарынан 5 әуе рейсінің, атап айтқанда Қарағандыға келетін 4 және Астанаға ұшатын 1 ұшақтың уақыты кешіктірілді.

«Қарағандыда қалың тұманнан көру мүмкіндігі өте төмен. Соның салдарынан «Трансаэро» авиакомпаниясының «Мәскеу-Қарағанды», «Ресей» авиакомпаниясының «Санкт-Петербор-Қарағанды», Atlas Jet авиакомпаниясының «Анталия-Қарағанды» рейстері кешіктірілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Эйр Астана» авиакомпаниясына тиесілі №311-ші «Алматы-Қарағанды» рейсі 1 сағат 20 минутқа кешіктіріліп ұшырылды. Бұл жайт 12.55-те ұшуы тиісті №853-ші «Алматы-Астана» рейсінің 1 сағатқа кешігуіне себеп болды.

«Қазіргі уақытта әуежайға Мәскеу мен Санкт-Петербордан жолаушылар ұшағы келеді деп күтілуде. Екі ұшақ та күндізгі сағат 13.00-де келуі тиіс», - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!