Атырау облысының әкімі жастармен кездесті

Фотография - Атырау облысының әкімі жастармен кездесті

Атырауда жасөспірімдер арасында негізінен біреудің мүлкін жасырын жолмен ұрлау қылмысы көп кездеседі екен

178 0

Атырауда жасөспірімдер арасында негізінен біреудің мүлкін жасырын жолмен ұрлау қылмысы көп кездеседі екен. Осыған орай, атқарылған түрлі профилактикалық шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер арасында жасалған қылмыс саны 25,2 пайызға төмендеген. Атырау облысы әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болған бұл жайт туралы Облыстық Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мұрат Демегенов мәлімдеді.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысы барысында баяндама жасаған полиция подполковнигі Мұрат Демегенов бүгінде түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 292 жасөспірімнің есепте тұрғандығын айтты.

«90-нан астам жасөспірім бейімдеу орталығына жөнелтілді. Мақсат - олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын-алу. Бүгінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына 38-ге жуық құжат жолданды. Оның ішінде ата-аналық құқығынан айыруға қатысты жинақталған үш құжат та бар» деп атап өтті ол. Сала маманының айтуынша, қылмыстық жағдайлардың алдын-алуда әлеуметтік психологтар мен ата-аналар комитетінің рөлін күшейту керек. Яғни, бұл бағыттағы жұмыс түрлі келеңсіздіктерге бейім жасөспірімдерді анықтап, олармен арада тәрбиелік жұмыстарды жиілету бағытында жүруі тиіс.

Бұл орайда кеңес отырысына төрағалық етуші Бақтықожа Ізмұхамбетов аудандардағы ахуал жайында сұрап, бүгінде оған Мақат ауданы бойынша қылмыстық жағдайдың күрделеніп тұрғандығы жөнінде мәлімет келіп түскендігін айтты. Баяндамашы аудандарда жағдайдың бірқалыпты екендігін, Мақат бойынша қылмыстың өсу фактісінің бар екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде Ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі күші аталған ауданға жұмылдырылған. Осы орайда бейнебайланысқа шыққан Мақат ауданының әкімі Ерболат Омаров бүгінде ішкі істер бөлімінде 20 орынның бос тұрғандығын жеткізді. «Негізінен инспекторлар орны бос тұр. Екі бірдей мектеп инспекторы да жетіспейді» деді ол. Кеңес төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл мәселеге орай арнайы тапсырма берілгендігін, десе де мектеп инспекторлары проблемасына қашанда мұқият болуды тапсырды - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Жастарға жұмыс тауып беру керек» деген көзқарас кейде бізге мәселенің екінші қырына үңілуге мүмкіндік бермей жатады. Мәселен, ұсынылған жұмысқа барғысы келмейтіндер, жалақысы төмендеу қызметке тұрудан қашқақтайтындар да бар. Осы орайда кеңеске төрағалық етуші Бақтықожа Ізмұхамбетов «80 мың мен 100 мың теңге арасында айлығы бар ұсынылған жұмысты менсінбейтін жастар бар. Олар кемінде 300 мың теңге жалақы алуды қалайды. Сондай бір жас жігіт менің қабылдауымда да болды. Биікке ұмтылу дұрыс та болар. Бірақ әуелі адам сол биікке лайық болуы үшін де тәжірибе жинақтап, білігін шыңдап алуы керек. Жұмыс сұрап Президентке хат жазумен, одан қалды әкімнің қабылдауында болуға асығудан бұрын жұмыспен қамтитын тиісті органға барып тіркелу керек» деп атап өтті.


Тегтер:

Атырау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!