«Ақжайық Жас отау» бағдарламасы бойынша пәтер алғандар белгілі болды

Фотография - «Ақжайық Жас отау» бағдарламасы бойынша пәтер алғандар белгілі болды

Орал қаласында «Ақжайық Жас отау» бағдарламасына сәйкес пәтер иелері анықталды

345 0

Орал қаласында «Ақжайық Жас отау» бағдарламасына сәйкес пәтер иелері анықталды.

Бұл - аталмыш бағдарлама бойынша жас отбасыларға арналған үшінші үй. Барлығы 85 үміткерден 60-ы пәтерге қол жеткізді. Бір пәтерге 14 отбасыдан келді. Жаңа тоғыз қабатты үй құрылысына 600 млн. теңге бөлінді. Оның әр шаршы метрінің құны 90 мың теңгеден аспайды. Бағдарламаға қатысушылар үш жыл бойы жалгерлік ақы төлеп, сонымен бірге пәтер құнының жартысын жинақтайды. Содан кейін оларға «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 6 жылға 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріледі.

«Ақжайық Жас отау» ЖШС директоры Айнұр Медеуованің айтуынша, жас отбасыларға 26 бір, 22 екі, 12 үш бөлмелік пәтерлер бөлініп отыр. 40-тан астам пәтерді мердігерлер коммерциялық бағамен сатады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Қазіргі кезде құрылысшылар ауланы абаттандыру ісін жүргізуде. Бұған 66 млн. теңге бөлінген. 108 пәтерлік жаңа үйге иелері алдағы айда қоныстанбақ.


Тегтер:

Орал

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!