Екібастұздағы «Үміт» балалар үйіне футбол алаңы сыйға тартылды

Фотография - Екібастұздағы «Үміт» балалар үйіне  футбол алаңы сыйға тартылды

Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне газонды футбол алаңын «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ сыйға тартты

254 0

Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне газонды футбол алаңын «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ сыйға тартты, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Спорт құрылысы кез келген ауа райына шыдайтын сапалы материалдардан салынған. Торлы қоршау, жарықдиодты шырақ, жанкүйерлерге арналған орындықтар орнатылған.

Жас футболшыларға компания доптар мен спорттық киім жиынтығын сыйға тартты. Футбол алаңының құрылғыларын алу үшін 12,3 млн теңге ақша салған.

«ЕЭК» АҚ құрамындағы «Восточный» разрезінің ұжымы балалар үйіне 20 жыл бойы қамқорлық көрсетіп келеді. Кеншілер балаларға арналған мекеменің ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесіп, мерекелерді өткізіп, балаларды мектепке дайындайды.

Алғашқы жолдастық кездесуді жаңа алаңда балалар үйінің тәрбиеленушілері «ЕЭК» басшыларымен өткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!