Бұқаралық спорт күнінде «Қара жорға» билемек...

Фотография - Бұқаралық спорт күнінде «Қара жорға» билемек...

Екі күннен соң ел ішінде бұқаралық спорт ретінде атап өтілетін Спорт күнінде Маңғыстау облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы Ақтау қаласының тұрғындарына таңертеңгі жұмыс уақытын «Қара жорға» биімен бастауды ұсынуда

247 0

Екі күннен соң ел ішінде бұқаралық спорт ретінде атап өтілетін Спорт күнінде Маңғыстау облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы Ақтау қаласының тұрғындарына таңертеңгі жұмыс уақытын «Қара жорға» биімен бастауды ұсынуда. Бұл шара «Ұлт денсаулығы – ұрпақ саулығы» республикалық акциясымен астасып жатыр деп хабарлайды Лада.кз.

«Қара жорға» ескіліктің нышаны болғанымен, адамның он екі мүшесі мен дене пішінін бір мезетте толық қимыл-қозғалысқа түсіретіндіктен, таңғы жаттығу ретінде жер-жерлерде биленіп жатқаны белгілі. Жалпыхалықтық сипаттағы бұл би осыдан төрт жыл бұрын Алматыда алғаш биленген болатын. Мұндай шара да осы кезге дейін Ақтауда жүзеге асырылып, оған 15 мыңға жуық ақтаулықтар қатысқан.

Облыстық әкімдік қызметкерлері ұйымдастырып отырған бұл шараға осы жолы жүздеген ақтаулық белсенді қатысады деп күтілуде. Ал жұрт жиналып «Қара жорғаны» билеу орны ретінде Астана алаңы таңдалыпты. Би 4-мөлтекауданда 18 тамыз күні таңғы 8:30-да бастау алмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!