Астанада веложолдар салынады

Фотография - Астанада веложолдар салынады

 Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды веложолдар салынады.

120 0

 Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды веложолдар салынады.

Астана әкімдігінің ресми сайтында: «Ұзындығы 74 шақырым болатын веложолдармен қатар велосипедтерге арналған тұрақ орындары және велосипедті жалға алу орталықтары салынады. Сонымен қатар велосипед жолдарының жалпы қалалық маңыздағы магистраль көшелермен қиылысатын жерлерде жол өткелін, бағдаршамдар және пандустар салу жоспарланған.

Алдағы уақытта велосипед жолдарының үш типін салу қолға алынады. Атап айтқанда, тек велосипедшілерге ғана арналған жеке жол, ортақ қолданылатын жол құрамындағы бетон қоршаумен немесе белгімен оқшауланған велосипед жолы және жаяу жүргіншілер жолының құрамындағы веложолдар, ол да белгімен немесе жиектермен бөлінеді. Сондай-ақ велосипедтерді қалдыруға болатын арнайы орындар ұйымдастырылады» деп хабарланған.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!