Қостанайлықтарға Қала күнінде 30 мың таба нан тегін таратылды

Фотография - Қостанайлықтарға Қала күнінде 30 мың таба нан тегін таратылды

Егер өткен жылы Қала күнінде үлкен көлемді бір пицца әзірленсе, биыл Қостанайдың 134 жылдығына арналып 30 мың таба нан пісірілді

266 0

Егер өткен жылы Қала күнінде үлкен көлемді бір пицца әзірленсе, биыл Қостанайдың 134 жылдығына арналып 30 мың таба нан пісірілді.

Таңертеңгі сағат 10.30-да ауада жаңа піскен нанның иісі аңқып тұрды. Шелпектердің мұндай санын әзірлеу қаланың 30 наубайханасына жүктелді.

Тегін таба нанға арналған шатыр Қазпошта мен Облыстық прокуратура ғимараттарының арасында орналасты. Тарату облыс әкімінің сапарынан кейін 11.30-да басталды. Алғашқы бірнеше минуттар тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтті - аспазшы киімін киген әкімдік қызметкерлері нанды қала тұрғындарына өздері таратты. Бірақ кейін бейберекеттік басталды. Балалар торлы қоршаулардың арасынан өтіп, нанды құшақтарына толтыра әкете бастады. Кейбір қонақтар шараға алдын ала қамданып, өздерімен пакеттер ала келген - деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Сағат 12-ге қарай нан үйілген сөрелерден тек қиқымдар ғана қалды», - деп жазады басылым. «Таба нандарды екі сағаттың ішінде таратамыз деп жоспарлағанбыз, 30 минут қана қажет болды», - деп атап өтті нан өнімдеріне арналған стендттерді таныстырушы қыздар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!