Астананың 29 мектебінде бірыңғай форма енгізілді

Фотография - Астананың 29 мектебінде бірыңғай форма енгізілді

Бүгінгі таңда қалада 82 мектеп, соның ішінде 70 мемлекеттік, 12 жеке меншікті мектеп жұмыс істейді

291 0

Елордада 1 қыркүйекте барлық мектептер есіктерін айқара ашады.

Бүгінгі таңда қалада 82 мектеп, соның ішінде 70 мемлекеттік, 12 жеке меншікті мектеп жұмыс істейді. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарлады.

Білім басқармасының мәліметіне қарағанда, жалпы білім беретін 70 мектептің 29-ы толығымен бірыңғай формаға көшті.

«Атап айтқанда, № 4, 29, 32, 37, 42, 52, 53, 54, 7,15, 18, 20, 23, 26, 35, 36, 40, 41, 46, 47, 56, 60, 61, 17, 24, 64, 67, 70 және қыздарға арналған ҚТЛ. Сондай-ақ, 11 мектеп бірыңғай формаға жартылай көшті (1-4 және 5-9 сыныптар): №13, 16, 27, 30, 31, 51, 19, 34, 58, 59. Сонымен қатар, 27 мектеп классикалық форма (ақ-қара) киетін болды: №5, 8, 10, 22, 28, 33, 43, 44, 48, 50, 55, 57, 1, 2, 3, 6, 12, 14, 21, 25, 49, 62, 45, «Зерде» және ұлдарға арналған ҚТЛ», - делінген ведомство мәліметінде.

Оқу орындарында мектеп формаларын кию идеясы өзекті болып отыр. Бүгінде бұл жай форма емес, ол оқушыларға арналған іскерлік үлгідегі киім болып табылады. Бұл әрбір оқушыға білім алуға бет бұруға және өзіндік тәртіпті дамытуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, әрбір мектеп оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп форманың үлгісін белгілейді. Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп формаларын сатып алу мәселесі демеулік көмек арқылы, сонымен қатар мектеп формасын тігетін фирмалардың, жаппай оқу қорының қаржысының есебінен жүзеге асыралады. Жалпы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, оқушыларға арналған мектеп формасын енгізу мәселесі білім мекемесінің құзырлығына жатады және міндетті түрде Жарғыда жазылуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!