Оралда келушілерге арналған қонақүйі бар тергеу изоляторы кешені салынуда

Фотография - Оралда келушілерге арналған қонақүйі бар тергеу изоляторы кешені салынуда

Орал қаласында 1,5 мың орындық тергеу изоляторы кешені салынуда

304 0

Орал қаласында 1,5 мың орындық тергеу изоляторы кешені салынуда.

БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Төремұратовтың сөзіне қарағанда, бұл жерде жазасын өтеушілерді ұстайтын ғимаратпен қатар жеке құрам қызметкерлеріне арналған жатақхана, келушілер үшін қонақүй болмақ.

Биыл сонымен қатар Орал қаласындағы түзету колониясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Онда жазасын өтеушілер үшін халықаралық талапқа сай жағдай жасалады. Жалпы, соңғы кезде мұнда жазасын өтеушілер саны артып отыр. Ол көрші Атырау облысындағы түзету мекемесінде жөндеу, инженерлік-техникалық желілерін қайта жарақтандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ондағы жазасын өтеушілердің уақытша Оралға көшірілуіне байланысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!