Астанаға жарты жылда 14 мыңнан астам адам келді

Фотография - Астанаға жарты жылда 14 мыңнан астам адам келді

2013 жылдың алты айында елордаға 14 671 адам келіп, 9 003 адам кетті

178 0

2013 жылдың алты айында елордаға 14 671 адам келіп, 9 003 адам кетті.

Ішкі көші-қон + 4 957, ал сыртқы +711 адамды құрады. «Ұлты бойынша көші-қондар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақты қазақтар - келгендердің жалпы санының 87,7% және кеткендердің 86,2% құрайды. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі 6,4% және 8,5%, украиндар - 0,9% және 1,1%, кәрістер 0,9% және 0,5%, татарлар - 0,7% және 0,9%, немістер - 0,4% және 0,9% тиісінше, ал өзге ұлттар сәйкесінше - 3,0% және 1,9% құрайды», - делінген ақпаратта.

Мигранттардың басым бөлігі ТМД елдерінен келеді: Өзбекстан (+275 адам), Қырғызстан Республикасы (+124 адам), Ресей Федерациясы (+52 адам), Армения (+12 адам), Әзербайжан (+11 адам), Тәжікстан (+9 адам), Украина (+5 адам) және Түрікменстан (+1 адам).

Бұдан басқа, Астанаға Қытай (+198 адам), Моңғолия (+29 адам), Түркия (+12 адам), АҚШ (+3 адам) және Грузия (+3 адам) елдерінен келеді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Еске салайық, 2013 жылдың қаңтар-маусымында 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 42,3%, кеткендер саны 41,5% төмендеді. Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан. 2013 жылдың қаңтар-маусымында келгендер 9 350 адамды, кеткендер 4 393 адамды құрайды.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!