Алматы мектептерінде 10 мың оқушыға орын жетіспейді

Фотография - Алматы мектептерінде 10 мың оқушыға орын жетіспейді

Бұл туралы бүгін Студенттер сарайында жыл сайынғы қаланың білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қалалық білім беру басармасының бастығы Рахат Шимашева мәлімдеді.

185 0

Биылғы жылы еліміздің оңтүстік астанасында үш жаңа мектеп ашылды, біреуінің құрылысы жүріп жатыр. Дегенмен, мектептерде орындардың жетіспеушілігі 10 293-ке жетіп отыр. Бұл туралы бүгін Студенттер сарайында жыл сайынғы қаланың білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қалалық білім беру басармасының бастығы Рахат Шимашева мәлімдеді.

«Тек 2013 жылы әрбірінің сыйымдылығы 1200 орынға жететін 4 мектеп ашылды. Оқу жылының басында тағы мектептер ашылады. Дегенмен, біздің қалаға халық көп көшіп келіп жатыр, сондықтан орын жетіспеушілігін толығымен жою мүмкін емес», - деді Рахат Шимашева.

1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында Түрксіб ауданындағы №32, Жетісу ауданындағы №109 және Алғабастағы №182 мектептер оқушыларды қабылдайды. Сондай-ақ, Түрксіб ауданы Жас Қанат шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!