Алматыда соңғы бес жылда білім саласының бюджеті 2 есеге артты

Фотография - Алматыда соңғы бес жылда білім саласының бюджеті 2 есеге артты

деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

154 0

Білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы бес жылдың ішінде аталған саланың қаржыландырылуы екі есе көбейген. Бұл туралы бүгін педагогтардың тамыз кеңесінде қала әкімі А.Есімов айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала басшысының мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылы білім беру саласын дамытуға 57 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Яғни оңтүстік астана бюджетінің 20 пайызына тең. «Бұл жекелеген облыстардың бюджетінен көп»,-деп атап көрсетті А.Есімов.

Қала әкімі мұғалімдердің жалақысына да тоқталды. Бірнеше жылдан бері қала басшылығы өзге аймақтарға қарағанда алматылық мұғалімдердің жалақысы жоғары болуы қажеттігі туралы мәселе көтеріп келеді. Алматы қаласында өмір сүру деңгейінің жоғары болуымен байланысты екендігі алға тартылуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!