ІІД: Шеңгелдідегі оқиғаның этникалық астары жоқ

Фотография - ІІД: Шеңгелдідегі оқиғаның этникалық астары жоқ

Алматы облыстық ішкі істер департаменті "Шеңгелді ауылындағы оқиғаның этникалық астары жоқ" деп мәлімдеді.

146 0

Алматы облыстық ішкі істер департаменті "Шеңгелді ауылындағы оқиғаның этникалық астары жоқ" деп мәлімдеді.

21 тамызда таратылған ақпаратта 19 тамызда Шеңгелді ауылында тұрғындар арасында "тұрмыстық жанжал болып, оқ атылып, салдарынан бір адам қаза тапқаны" айтылады.

Департаменттің ақпараты бойынша, 20 тамызда қаза тапқан жігітті жерлеген соң оның туыстары жеті үйдің терезесін сындырып, бірнеше көлікті зақымдаған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылды. Кісі өліміне күдікті ретінде ауылдың екі тұрғыны іздестіріліп жатыр.

ІІД ресми сайтындағы хабарламасында "оқиғаға екі жақтан да түрлі ұлт өкілдері қатысқандықтан және қақтығыс тұрмыстық жанжалдан туындағандықтан, оған этникалық сипат беру әрекетінің қисыны жоқ" деп мәлімдеді. 

Қазір тұрғындардың бірнеше үй мен көлікті қиратқанына қатысты "бөтен мүлікті зақымдау" және "бұзақылық фактісі" бойынша тергеу басталды. 

Ауылда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп сақтау шаралары жасалған.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары шешен және қазақ жігіттері арасында төбелес болып, 29 жастағы бір Мадияр А. деген қазақ жігіті қаза болғанын хабарлаған еді. 21 тамызда Шеңгелді ауылына барған Азаттық тілшісі ауылды полиция күзетіп тұрғанын, өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері жеткізілгенін хабарлады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!