«OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату жүйесіне қосылған отбасылардың саны 340 мыңға жетті

Фотография - «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату жүйесіне қосылған отбасылардың саны 340 мыңға жетті

Кабельдік және эфирлік хабар тарату желісі жетпегендіктен қазақстандық телеарналарды көруден шектеліп келген 550 елді мекен тұрғындарының 55 пайызы «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылды

248 0

Кабельдік және эфирлік хабар тарату желісі жетпегендіктен қазақстандық телеарналарды көруден шектеліп келген 550 елді мекен тұрғындарының 55 пайызы «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылды.

Жерсеріктік және эфирлік телехабар тарату желісіне көшіру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырушы және Қазақстандағы телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы болып табылатын «Қазтелерадио» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда ондағы 20 мың отбасы қазақстандық 45 телерадиоарнаға қол жеткізіп отыр. Бұл жұмыстар 2012 жылдың жазында қолға алынған әлеуметтік жоба бойынша жүзеге асырылуда. Мәселен, 2012 жылы алыс ауылдарда тұратын 10 мыңнан астам отбасы жерсеріктік телехабар тарату желісіне төмендетілген бағамен қосылған еді. Биыл олардың қатарын жаздың соңына дейін тағы 18 мың үй шаруашылығымен толықтыру жоспарлануда - деп хабарлады ҚазАқпарат

«OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісі 2011 жылдың басында іске қосылған болатын. Содан бері 340 мың отбасы сандық жерсеріктік телевизияға қол жеткізді. Бұл ел тұрғындарының 1,2 миллионын құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!