Қ. Көшербаев биыл бірінші сыныпқа баратын 20 жұп егізге өз қолымен сыйлық тапсырды

Фотография - Қ. Көшербаев биыл бірінші сыныпқа баратын 20 жұп егізге өз қолымен сыйлық тапсырды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев биыл бірінші сыныпқа баратын 20 жұп егіз балаға өз қолынан мектеп заттарынан құралған сыйлықтар тарту етті

189 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев биыл бірінші сыныпқа баратын 20 жұп егіз балаға өз қолынан мектеп заттарынан құралған сыйлықтар тарту етті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шара «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асты. Облыс әкімі өз қолымен көп балалы және тұрмыстары төмен отбасыларынан шыққан 40 бүлдіршінге портфельдер мен мектеп жабдықтарын сатып алатын сертификаттар ұсынды. Кездесуде аймақ басшысы балдырғандарды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға табыстар тіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!