Cемейден Астанаға «Тальго» жүрдек пойызы қатынайды

Фотография - Cемейден Астанаға «Тальго» жүрдек пойызы қатынайды

 25 тамыздан бастап «Семей-Астана-Семей» жаңа теміржол маршруты ашылады

304 0

 25 тамыздан бастап «Семей-Астана-Семей» жаңа теміржол маршруты ашылады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.


«Тұлпар-Тальго» вагондарымен жабдықталған 63/64 жүрдек пойызы төрт күнде бір рет жүреді. Астанаға 12 сағатта жетеді.


Пойыз құрамында  «Гранд» және «Бизнес» кластарының 27 вагоны, вагон-мейрамхана және эконом-класс вагондары бар.


Бұл - «Тальго» жүрдек пойызының республикадағы алтыншы маршруты. Бұдан өзге, «Алматы-Астана», «Алматы – Шымкент», «Алматы- Петропавл», «Ақтөбе-Астана», «Алматы-Атырау» бағыттарында жүреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!