Астана мектептерінде жаңа «Абайтану» пәні оқытылады

Фотография - Астана мектептерінде жаңа «Абайтану» пәні оқытылады

Бұл туралы ұлы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында белгілі болған.

528 0

Биылдан бастап елорда мектептерінде 9, 10, 11 сыныптарға арналған мектеп бағдарламасына жаңа «Абайтану» пәні енгізіледіі. Бұл туралы ұлы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында белгілі болған.

«Биыл тамыз кеңесі барысында қыркүйек айынан бастап «Абайтану» негізгі пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізілетіні туралы мәлім болды», - дейді Қазақстан-Ресей университеті жанындағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы.

Еске сала кетсек, бүгін Абай ескерткішінің жанында ақынның туған күніне орай өткізілген әдеби-сазды мерекеге жүздеген астаналық жиналды. Іс-шара барысында Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі болып өтті. Елордалық орындаушылар жиналған қауымға арнап, халық әндерін шырқады, белгілі көркемсөз оқушы Даниял Сабыров Абайдың қара сөздерінен үзінді оқып шықты.

Бұдан басқа, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған кітап көрмесіне интерактивті қаламы бар «Абайтану Әліппесі» оқу-әдістемелік кешені қойылды. Көрермендерге сый ретінде Абайдың даналық сөздері мен өлеңдерінен, қара сөздерінен құралған кітапшалар таратылды.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!