Елдегі ең арзан азық-түлік БҚО-да

Фотография - Елдегі ең арзан азық-түлік БҚО-да

деп хабарлайды тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

182 0

Қазақстанда азық-түлік тауарларына ең төменгі баға сақтай алған өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысы бірінші орында, деп хабарлайды тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, азық-түлік туарларына деген баға өсімі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,7%-ды құрады.

«Облыста Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, бірінші сұрыпты бидай ұнының, қара бидай мен ақ бидай нанының, жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның, вермешель, кеспелер мен түтік кеспелердің, қой, жылқы мен тауық еттерінің, тауықтың сан етінің, жаңа ауланған және мұздатылған балықтың, қырыққабаттың, ашытқылар мен қақталған өріктің, банан мен апельсиннің бағасы төменгі деңгейде сақталған», - деп хабарлады БҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Инфляцияның жалпы көлемі 105,0% деңгейінде қалыптасты (республикалық көрсеткіш – 102,7%).

«Инфляцияның өсуіне негізінен ақылы қызметтердің 15,1%-ға артуы, атап айтқанда, ағымдағы жылдың басында коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауы себеп болды. Оның өсуі 2013 жылдың басына дейін жарамды болған тариф бағасы коммуналдық қызметтің таза құнын жаппауымен және газ бағасының қымбаттауымен байланысты. Осы тұрғыда атап өтетін жайт, коммуналдық қызметтердің негізгі түрлерінің тариф бағасы соңғы 6 жыл бойы қымбаттамай келген», - деп мәлім етті БҚО баспасөз қызметі. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!