Нан бағасы қымбаттады

Фотография - Нан бағасы қымбаттады

 Алматы облысында нан бағасы 10 теңгеге өсті. Бұған дейін ас атасы 50 теңге болса, енді 60 теңгеден, кейбір дүкендерде 65 теңгеден сатылып жатыр

247 0

 Алматы облысында нан бағасы 10 теңгеге өсті. Бұған дейін ас атасы 50 теңге болса, енді 60 теңгеден, кейбір дүкендерде 65 теңгеден сатылып жатыр.

Ал 45 теңге тұратын әлеуметтік деп аталатын нан дүкендерде жоқтың қасы. Қазір Талдықорғандағы дүкендердің көбінде баға бірдей. 500 грамдық бөлкелер 60 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай бірден 10 теңгеге өсіп кеткеніне халық та, сатушылар да таңқалуда. Дүкен иелерінің сөзіне қарағанда ұн қымбаттағандықтан, зауыттар да нанды түріне қарай 5-10 теңгеге өсірген. Ас атасының бұлайша бір күнде қымбаттағаны, әсіресе, қарпайым халықтың нарзылығын тудырып отыр.Тіпті, қала шетіндегі кейбір дүкендерде 70 теңгеге шарықтаған. Қалада түрлі сауда желілерінде 45 теңгелік арзан бағада әлеуметтік деп аталатын нан сатылып келген. Қазір ол кейбір дүкендерде ғана бар. Бірақ арзан болғанмен, сапасы сын көтермейді. Сондықтан сұраныс та жоқ.

Алматы облысында астық көп өсірілмейді. Сондықтан бидайды басқа өңірлерден алып, жыл сайын тұрақтандыру қорына ұн жинайды. Наубайханалар сол қордан алады. Облыстық ауыл шаруашылғы басқармасының мамандары қоймада қыркүйектің 23-іне дейін жететін ұн бар екендігін айтуда - деп хабарлады  baq.kz

Алмас ӘДІЛ, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары:

- Баға 55-60 теңге болып отыр. Қазіргі уақытта 55 теңгегің жұмыс істеп жатырмыз. Нанның бағасы одан әрі көтерілмесін деп ұадағалап отырмыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!