Атырауға елордадан алғашқы жүрдек пойыз келіп жетті

Фотография - Атырауға елордадан алғашқы жүрдек пойыз келіп жетті

Атырауға Астанадан алғашқы жүрдек пойыз келіп жетті. Оның жолда жүру уақыты бұрынғыдай 33 сағат емес, 22 сағат болды

311 0

Атырауға Астанадан алғашқы жүрдек пойыз келіп жетті. Оның жолда жүру уақыты бұрынғыдай 33 сағат емес, 22 сағат болды.

Жолаушылардың айтуынша, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған пойызбен сапар шегуге барлық жағдай жасалған.

«Ірі көлемді жобалар жүзеге асырылып, Қазақстанның барлық өңірлерінен мыңдаған адамдар жұмыс істейтін облыс үшін бұл өте маңызды оқиға», - деп атап өтті аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жаңа №19/20 жүрдек пойызы «Тальго» вагондарынан құрастырылған республикадағы алтыншы құрам болып отыр. Теміржолшылар тағы да төрт бағыт бойынша осындай пойыздарды іске қосуды жоспарлап отыр.


Тегтер:

Атырау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!