Мектебі жоқ ауыл балалары көрші ауылдарға тегін тасымалданады

Фотография - Мектебі жоқ ауыл балалары көрші ауылдарға тегін тасымалданады

Бүгінгі таңда республикамыздың 1 590 ауылында мектеп жоқ

154 0

Бүгінгі таңда республикамыздың 1 590 ауылында мектеп жоқ. Бұл елді мекендерде мектеп жасындағы 34 мың 817 бала бар, оның ішінде 10 бала денсаулығына байланысты мектепке бара алмайды екен.

29 707 (85,3%) оқушыны мектепке тасымалдайтын арнайы автобустар бөлінген. Автобус 26 738 (76,8%) баланы күн сайын мектепке апарып-әкеледі, ал мектеп жанындағы интернатқа баратын 2 969 (8,5%) баланы мектепке алып барады, ал үйге балалардың өздері қайтады. Тек аптасына бір рет қана үйіне жеткізеді - деп хабарлады baq.kz

Балаларды тасымалдауға арнайы 1443 автобус бөлінген. Оның ішінде 732 (51%) автобус мектептердің меншігінде, 220-сы (15%) – әкімдіктерге, 143-і (10%) – шаруашылықтарға және 348-і (24%) – өзге меншік иелеріне тиесілі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!