Жамбыл облысында асыл тұқымды мал өсіруге 1 млрд. теңге бөлінді

Фотография - Жамбыл облысында асыл тұқымды мал өсіруге 1 млрд. теңге бөлінді

 Аймақта асыл тұқымды мал өсіруге 1 млрд. теңге бөлінді

265 0

 Аймақта асыл тұқымды мал өсіруге 1 млрд. теңге бөлінді.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 1 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлады облыстық әкімшіліктен. Осы қаржының 113 млн. теңгесі тауар өндірушілерге ірі қара малдың төлдерін сатып алуға және аналықтарды қолдан ұрықтандыру шараларына жіберілді».

Аймақта ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, 2013 жылы бюджеттен вакцина сатып алуға және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға 1,5 млн. бөлінді. Малды уақытылы және сапалы егудің арқасында аймақтағы эпизоотикалық жағдай тұрақты, деп мәлімдеді облыс әкімдігінде.

Аймақ шаруашылықтарындағы ет өндірісі былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3 пайыз көбейді. Ірі қара мал басы (1,3 пайызға), қой мен ешкі (1,1), жылқы (3,8), түйе (4,1) өсті.

Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 4700 бас аналық мал сатып алу жоспарланған. Сонымен бірге, 63 фермерлік шаруашылыққа 548 млн. теңге қаражат беріліп, оған 3097 бас (2 942 сиыр и 155 бұқа) сатып алынды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Үстіміздегі жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға барлығы 3,3 млрд. теңге субсидия бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі осы жылдың жеті айында 38,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға тең болды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!