Павлодар облысында 400-ге жуық тұрғын үй терможаңартудан өтеді

Фотография - Павлодар облысында 400-ге жуық тұрғын үй терможаңартудан өтеді

Бүгінде арнайы жоспарға сәйкес облыста 366 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын мәлім етті

113 0

Бүгінде арнайы жоспарға сәйкес облыста 366 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгінде облыс бойынша энергия үнемдеуге арналған жоспар қабылданды. Оны 2015 жылға дейін іске асыру көзделген. «Жоспар іске асатын үш жылдың ішінде 366 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі. Сол кезде терезе-әйнектерді ауыстыру, шатырларды жөндеу, сыртқы қабырғаларды жылыту сияқты терможаңарту шаралары атқарылатын болады», - дейді Е. Арын.

Айта кетейік, бүгінде Павлодар облысында энергетика және энергия үнемдеу басқармасы құрылып, осы мәселе бойынша айналысатын облыс әкімінің кеңесшісі қызметі енгізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!