Көшедегі үздік қазақ тілді жарнамаға байқау жарияланды

Фотография - Көшедегі үздік қазақ тілді жарнамаға байқау жарияланды

Бұл туралы елордада өткен арнайы баспасөз мәслихатында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов мәлім етті.

153 0

Қазақстан халқы тілдерінің XV фестивалі аясында алғаш рет көшедегі үздік жарнамаға арналған байқау өтеді. Бұл туралы елордада өткен арнайы баспасөз мәслихатында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов мәлім етті.

«Бәріміз жақсы білеміз, қазіргі кезде көше жарнамаларына қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылып жүр. Жарнамада қатенің көптеп кездесетіні рас. Біз оны көріп те, біліп те жүрміз. Ашығын айту қажет, ол жарнамалардың мазмұны тіл басқармасымен келісілмейді. Соның салдарынан қазақ тілді жарнамалар қатеге тұнып тұр», - дейді Е.Тілешов. Оның айтуынша, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл Қазақстан халқы тілдерінің XV фестивалі аясында алғаш рет көшедегі үздік жарнамаға арналған байқау ұйымдастырылуда.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы 18 қыркүйек күні «Думан» ойын-сауық орталығында өтеді.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!