Астана полициясы бүгіннен бастап қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады

Фотография - Астана полициясы бүгіннен бастап қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Саятбек Жантаев мәлім етті.

250 0

Ата заң күніне арналған мерекелік шараларға байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында елордалық гарнизонның барлық жеке құрамы қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Саятбек Жантаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, мерекелік шаралар барысында қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында 500-ден астам полиция қызметкерлері, оның ішінде 100-ден астам әскери қызметкерлер жұмылдырылмақ. Бұған қоса, 150 турникет орнату жоспарланып отыр.

«Учаскелік инспекторлар әкімшілік аумақтарды шолу іс-шараларын күшейтеді»,-деді С. Жантаев.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!