Қазақстанның оқушылары «фаст-фуд» жеуде алдына жан салмай келеді

Фотография - Қазақстанның оқушылары «фаст-фуд» жеуде алдына жан салмай келеді

Бұл туралы Danone компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады

228 0

Қазақстанның оқушылары дұрыс тамақтанудың маңызын біле тұра, «фаст-фуд» пен шоколад жеп тоқ басуды әдетке айналдырған. Бұл туралы Danone компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Danone компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мектептеріндегі барлық оқушылардың тек 26%-ы ғана тоқ басар ретінде жеміс-жидек пен көкөніс пайдаланатын көрінеді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан балалардың 80%-дан астамы олардың пайдасы жөнінде құлағдар.

Сүт-айран өнімдеріне келетін болсақ, оларды оқушылардың тек 15-17%-ы ғана тұтынады. Бір өкініштісі, балалардың аңсары көп жағдайды шоколад (53%) мен «фаст-фудқа» (43%) ауып тұрады екен.

Осы орайда, сауалнамаға 50 мемлекеттік мектептің оқушылары қатысқанын айта кету керек. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!