Қарағанды полицейлері Конституция күні қарсаңында марапатталды

Фотография - Қарағанды полицейлері Конституция күні қарсаңында марапатталды

Қарағанды облысы ІІД-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

172 0

Қарағанды облысы ІІД-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Іс-шара барысында ішкі істер органдарындағы ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатқа ие болды.

«Мерекеге орай екі қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Төрт қызметкер «ІІМ үздігі» екінші дәрежелі төс белгісіне ие болды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, 100-ге жуық қызметкер ҚР ІІМ мен облыстың ІІД-нің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. 68-іне ІІД басшылығының атынан алғыс жарияланды.

«Облыстың ІІБ ардагерлері Тұрсын Молдабеков пен Нұрлыбек Омаров және тағы екі полицей қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарына ие болды», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды. Оған полиция қызметкерлері қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!