Жаңа пойыз жолға шықты

Фотография - Жаңа пойыз жолға шықты

Жылдам әрі ыңғайлы. «Баянауыл» атты жаңа электр поезы жолға шықты

244 0

Жылдам әрі ыңғайлы. «Баянауыл» атты жаңа электр поезы жолға шықты. Поезд құрамын «Қазақстан темір жолының» «Қала маңындағы тасымал» еншілес компаниясы биыл ғана жол қатынасына қосты. Ол «Астана-Павлодар» бағытында қатынайды.

Электр поезы 10 вагоннан тұрады. 600 орынға арналған. Жаңа вагондардағы қолайлық бірден байқалады. Бұрынғымен салыстырғанда қосымша мүмкіндіктер көп. Жолсапарда жолаушыларға көркем фильмдер мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының жарнамалық бейнетүсірілімдері көрсетіледі.

Баян СУННАТҚЫЗЫ, «ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ТАСЫМАЛ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл көлік заманауи жабдықтардан жасалған. Артықшылығы, сол мұнда желдеткіш және бейнебақылау жүйелері бар. Машинист кабинасында отырып-ақ, әр вагондағы қозғалысты бақылай алады. Бұл - қауіпсіздіктің тың үлгісі.

Үшінші жолдан сапарға аттанған поезд алты сағаттан соң Павлодарға жетіп үлгерді. Вагондар техникалық тексеру және тазартудан өткізілді. «Қала маңындағы тасымал» компаниясы ұсынған жаңа поезд таңертең жолаушылардың келесі легіне қызмет көрсетуге әзір болды. Башира Аушахманова немересі Әйгеріммен бірге Павлодарда тұрады. Жолаушы жаңа вагонға кірген сәтте таңқалғанын жасырмады.

Башира АУШАХМАНОВА, ЖОЛАУШЫ:

- Мен Астанаға жиі барамын. Біз билет алғанда осындай вагон болады деп ойлаған жоқпыз расында да. Мынау өзім мен сондай самолеттағы кресло сияқты, сондай әдемі, жақсы. Осындай мерекелі күнде осындай вагон. Қазақстанымда бәрі жақсы болып жатқанына мен қуаныштымын - деп хабарлады baq.kz

Билет құны вагонның деңгейіне қарай бірінші, екінші және үшінші класты болып белгіленген. Орташа алғанда электр поездарындағы бағадан қымбат емес. Жоспар бойынша таяу арада «Астана-Көкшетау» және «Астана-Қарағанды» бағытында да осындай жаңа поездар құрамы қатынайтын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!