Қызылордада Білім күні 4 білім ордасы пайдалануға берілді

Фотография - Қызылордада Білім күні 4 білім ордасы пайдалануға берілді

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Білім күні мерекесінде Түркістан көшесінде орналасқан 1200 орындық мектеп пен Досан ауылындағы 100 орындық мектеп ғимараттарының ашылу салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі

298 0

Қызылорда қаласында Білім күнінде бір мезетте төрт білім ордасы ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

«Бүгін 1 қыркүйек - Білім күнінде Қызылорда қаласының тарихында тұңғыш рет бір мезетте 4 жаңа мектептің ғимараты пайдалануға берілді. Олар Түркістан көшесінде орналасқан 1200 орындық, Бірқазан ауылында орналасқан 50 орындық мектеп және 20 орындық шағын орталық, Досан ауылындағы 100 орындық мектеп пен 20 орындық шағын орталық және Наурыз мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп ғимараттары», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 4 мектеп күрделі, 5 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Шатырынан су кетіп, балалардың білім алуына қолайсыздық туғызып келген қаладағы 5 мектептің шатырлары жөндеуден өткізілді.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Білім күні мерекесінде Түркістан көшесінде орналасқан 1200 орындық мектеп пен Досан ауылындағы 100 орындық мектеп ғимараттарының ашылу салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Жалпы, 2013-2014 оқу жылында қала мектептерінде 43 023 оқушы оқиды деген жоспар бар. Олардың 5509-ы - бірінші сыныпқа баратындар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!