Облыста 22 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Фотография - Облыста 22 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа мектептердің қатары күн санап толыға түсуде. Облыста білім күнінде пайдалануға берілген мектептердің 22-ге жеткен

342 0

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа мектептердің қатары күн санап толыға түсуде. Облыста білім күнінде пайдалануға берілген мектептердің 22-ге жеткен. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ОҚО-да бүгін 22 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 28 мектеп тапсырылады. Жалпы биыл барлығы облыста 50 жаңа мектеп пайдалануға берілмек.

Қазіргі уақытта облыстағы 1021 мектепте 542 мыңдай бала білім алуда. Оқушылардың қатары биыл бірінші сыныпқа баратын 58 мың баламен толыға түскен.

Сонымен қатар, 26 балабақшаны күрделі жөндеуге қаржы толық бөлініп, ағымдағы жылдың 25 тамызына жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Облыстағы 109 білім нысанына 5,4 млрд теңге қаралса, оның ішінде мектепке 2,8 млрд теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта білім мекемелерінің қысқа дайындықтары қамтамасыз етілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!