Ақтауда жеті мың орындық сегіз жаңа мектеп ашылды

Фотография - Ақтауда жеті мың орындық сегіз жаңа мектеп ашылды

Бірінші қыркүйек күні Маңғыстау облысының барлық жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылды

246 0

Бірінші қыркүйек күні Маңғыстау облысының барлық жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылды.

Көктемде жоспарланғандай, осы күні облыстың қалалары мен аудандарында 6948 орынға арналған 8 жаңа жалпы білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептердің көбі 960 оқушыға шақталған.

«Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысыммен оқу мәселесін түбейгейлі шешеді. Пайдалануға берілген және оқушылар үшін бүгін бірінші рет ашылған мектептердің біршамасы 2012 жылы салына бастаған», - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Дина Жұмашева.

Бұл мектептер инвесторлардың қаржысына - шамамен 1,5 млрд. теңгеге және республикалық бюджет трансфертінің есебінен - 3,2 млрд. теңгеге салынды.

Д. Жұмашеваның сөзіне қарағанда, осы жылдың желтоқсан айына дейін облыста тағы төрт білім беру мекемесі: үш мектеп пен бір колледж ашылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!