Некесіз туған балаға алимент өндіруге болады

Фотография - Некесіз туған балаға алимент өндіруге болады

. Бұл туралы «Феникс» заң фирмасының директоры Талғат Мылтықбаев мәлімдеді.

674 0

Некесіз туған балаға алимент өндіруге болады. Бұл туралы «Феникс» заң фирмасының директоры Талғат Мылтықбаев мәлімдеді.

«Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде некесіз туған балалар көп, бірақ кейде әйелдер сәбилеріне алимент өндіруге болатынан білмей жатады», - дейді ол.

Оның айтуынша, некесіз туған балаға алимент өндіру үшін ер адамның шын мәнінде сәбидің әкесі екендігін дәлелдеп, оның әкелігін заңдастыру қажет.

«Бұған сол азаматтың келісімімен қол жеткізуге болады. Егер ол өзінің әке екендігін мойындаса, баланың анасымен бірге тіркеу органдарына, яғни АХАТ-қа барып өтініш жазуы керек. Егер ер адам мойындамаған жағдайда, бұл іс сотта қаралады. Сәбидің анасының сол азамат баланың әкесі екендігін дәлелдеу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар. Сотта бұл фактіні куәлардың түсініктемелері мен генетикалық сараптама арқылы дәлелдеуге болады», - деп толықтырды Т.Мылтықбаев.

Заңгердің айтуынша, ер адам сәбидің әкесі екендігі дәлелденгеннен кейін баланың анасы өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық сотқа барып, алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөнінде арыздануы қажет. Талап-арызда сәбидің әкесі туралы мәліметтер, оның аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс істейтін орны көрсетілуі тиіс. Талап-арызбен бірге баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі тапсырылады. Судья 3 күн ішінде сот бұйрығын шығарады. Одан кейін сот бұйрығын немесе оның көшірмесін борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша Сот актілерін орындау департаментіне жіберу керек. Сот орындаушысы аталмыш сот бұйрығын борышкердің жұмыс орнына жібереді, одан кейін алимент өндіріле бастайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!