Концертте "тәртіпсіздік бастағандар" анықталды

Фотография - Концертте "тәртіпсіздік бастағандар" анықталды

"Алматы полициясы "Прайм-Плаза" сауда және ойын-сауық кешенінде әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерттегі "тәртіпсіздіктерді бастаған адамдарды" анықтады" деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

97 0

"Алматы полициясы "Прайм-Плаза" сауда және ойын-сауық кешенінде әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерттегі "тәртіпсіздіктерді бастаған адамдарды" анықтады" деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, "тәртіпсіздіктерді бастады" деген күдікпен кәмелетке толмаған үш адам және 18 жастағы үш адам ұсталған.

"Алты адам 1 қыркүйекте "көліктерді тонады" деген күдікпен тұтқындалды. Тергеу кезінде ұсталғандардың "Прайм-Плазадағы" тәртіпсіздіктерге қатысы бары анықталды. Оларға қылмыстық кодекстің "тонау" және "бұзақылық жасау" баптары бойынша айып тағылды" дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент дерегі бойынша, тәртіпсіздік кезінде ішкі істер органының 37 қызметкері, 28 әскери қызметкер мен тоғыз полицей түрлі дәрежеде жарақат алған.

31 тамызда Қайрат Нұртас қатысқан концерттің соңы жаппай тәртіпсіздік пен жастардың полициямен қақтығысына ұласқан еді. Сол күні полиция бөлімшесіне 165 адам жеткізіліп, оның біразы алдын ала тергеуден кейін босатылған. Қазір қалғандарының тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Концертті ұйымдастырушылардың үстінен "міндеттеріне жауапсыз қарады" деген бап бойынша іс қозғалды. "Прайм-Плаза" кешенінің директорынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!