«Ақтөбе-Алматы» пойызында жолаушылар мазут араласқан су ішкен

Фотография - «Ақтөбе-Алматы» пойызында жолаушылар мазут араласқан су ішкен

«Ақтобе-Алматы» пойызының 14 вагоны пайдаланудан алып тасталды. Жолаушылар екі тәулік бойы мазут араласқан су ішкен.

164 0

«Ақтобе-Алматы» пойызының 14 вагоны пайдаланудан алып тасталды. Жолаушылар екі тәулік бойы мазут араласқан су ішкен.

«Біз Алматыға пойызда бардық. Жол-жөнекей вагондағы қайнаған судан іштік. Судың дәмі мен иісі бульонға ұқсас ерекше еді. Араға біршама уақыт салып күйеуімнің, балаларымның және өзімнің ішіміз ауыра бастады. Масқара!», - дейді Амангүл есімді жолаушылардың бірі.

Ақтөбе қаласы Көліктегі мемлекеттік қадағалау басқармасының мамандары пойыздардағы судың сапасы нашар екенін растады. «Ақтобе-Алматы» бағытында жүретін №24 және №34 жолаушылар пойыздары тексеріліп, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен 14 вагон пайдаланудан алып тасталды. Сынақ жүргізе келе, судың сапасы қажетті нормадағы микробиологиялық көрсеткіштермен сәйкеспейтіні анықталған. Жолаушылар екі күн бойы мазут аралас суды ішкен.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!