«Астана-Ақтөбе» қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

Фотография - «Астана-Ақтөбе» қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

Техникалық себептерге байланысты Астанадан 9 қыркүйекте, Ақтөбеден 10 қыркүйекте аттанатын «Астана-Ақтөбе» қатынасындағы №87/88 «Ақтөбе» жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

245 0

Техникалық себептерге байланысты Астанадан 9 қыркүйекте, Ақтөбеден 10 қыркүйекте аттанатын «Астана-Ақтөбе» қатынасындағы №87/88 «Ақтөбе» жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады.

Осы рейске билет сатып алған жолаушыларға теміржол билетінің 100 пайыздық құны қайтарылады, немесе сәйкес пойыз маршруттары ұсынылады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Мәселен, Астанадан Ақтөбеге баруға ниет білдірген жолаушылар 10 қыркүйек күні сағат 18.35-те №57 «Астана-Орал» жолаушылар пойызымен Астана станциясынан Ақтөбе станциясына дейін бара алады (Ақтөбеге 12.09.2013 жылы 00 сағат 42 минутта жетеді).

Ақтөбеден жолаушылар 11 қыркүйек күні 9 сағат 48 минутта Ақтөбе станциясынан Астана станциясына дейін №58 «Орал-Астана» пойызына отырып, Астанаға 12.09.2013 жылы 14 сағат 17 минутта жете алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!