Қазақстанда 500 шағын кемені пайдалануға тыйым салынды

Фотография - Қазақстанда 500 шағын кемені пайдалануға тыйым салынды

Жазда су көлігін тексеру нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

130 0

Жазда су көлігін тексеру нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстанда жыл сайынғы республикалық «Скутер» акциясы өткізілген. Аталған іс-шараның мақсаты шағын өлшемді кемелерге жататын сыйымдылығы 12 адамнан аспайтын қайықтарды, сонымен қатар республика суларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Акция барысында 2 776 шағын өлшемді кеме тексерістен өткізілді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40% артық болып отыр. Тексерістер нәтижесінде 606 әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс-Қазақстан, Алматы, Атырау, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарында анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың негізгі түрлері атап айтсақ, олар: - кемені басқару құқығынсыз пайдалану – 204 оқиға;- техникалық байқаудан өтпеген кемелерді пайдалану – 135 оқиға; - тіркелмеген кемелерді пайдалану – 84 оқиға;- борттық номерлері жоқ кемелерді пайдалану – 83 оқиға; - кемелерде құтқару құралдарының жоқтығы – 41 оқиға.

Сонымен қатар, Комитеттің территориялық органдары шағын өлшемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру жөнінде шағын өлшемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!