Алматыда 8 айдың ішінде жануарлар тістеген 3485 адам көмекке жүгінген

Фотография - Алматыда 8 айдың ішінде жануарлар тістеген 3485 адам көмекке жүгінген

Бұл туралы ҚР ДМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті  хабарлады

350 0

Алматыда 8 айдың ішінде жануарлар тістеп алған 3485 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы ҚР ДМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті  хабарлады.

«Жануарлар тістегеннен кейін медициналық көмекке жүгінген 3485 адамның 2438-ін (65%) иесі белгісіз иттер мен өзге де жануарлар қапқан, оларға құтыруға қарсы алдын ала екпелер жасалды», - деп хабарлады қаланың санитарлық-эпидемиологиялық станциясы.

Адамдарға қаңғыбас иттерден басқа үй жануарлары да құтыру қаупін туғызуда. Сондықтан олардың иелері асыранды жануарларға қаладағы ветеринарлық клиникаларда құтыруға қарсы екпелерді дер кезінде жасатуы керек. Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда құтыру дертінен көз жұмғандардың 50%-ын иесі бар ит қапқан екен. Сондықтан ит пен мысықты асырау ережелерін сақтау тұрғындар мен жануарлар арасында құтырудың алдын алуға қажетті шаралардың бірі болып табылады.

2013 жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облысында адамдардың арасында құтырудың 4 дерегі тіркелді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!