Астанада автобустарға арналған жеке жолдар салынады

Фотография - Астанада автобустарға арналған жеке жолдар салынады

2017 жылға дейін Астанада «Интеллектуалды көлік жүйесі» енгізілетін болады

143 0

2017 жылға дейін Астанада «Интеллектуалды көлік жүйесі» енгізілетін болады. Smart Astana аясында іске асырылатын жоба бойынша көлік қозғалысының жылдамдығын арттырып, көлік кептелісін жою көзделген. Ол үшін жолаушылар көлігінің жұмысын бақылау, жүргізушілерді ақпараттандыру жүйелері жасалып, көлік ағымын мониторингілеу жүргізіліп отырады.

«Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. 2014 жылға қарай алғашқы нәтижелерді көретін боламыз. Қазіргі уақытта сол және оң жағалау арасын жалғайтын 5 көпір бар. Олардың барлығында көлік кептелісі жиі болады. Аталмыш жүйе аясында «ақылды» бағдаршамдар орнатылады. Олар жүргізушілерді көлік кептелісі аз көшелерге бағыттап отырады. Бүгінде жолаушылар көлігімен бір жерге жету үшін 50 минут жолға кетеді. Ол уақытты 20 минутқа дейін қысқарту жоспарлануда», - дейді жоба жетекшісі, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов.

Оның айтуынша, қалада жолдар қайта салынады және негізгі басымдық қоғамдық көліктерге берілмек - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Автобустар жолдың ортасындағы жеке жолақпен жүретін болады. Басымдық қоғамдық көліктерге берілетін болады. Барлық жолдар қайта өзгертіледі», - деп атап өтті Р.Аманжолов.

ИКЖ жобасын испандық Typsa компаниясы іске асырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!