Атырауда жаңа сапаржай салынды

Фотография - Атырауда жаңа сапаржай салынды

Бұл инфрақұрылымдық нысанның пайлануға берілуі жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеріп қана қоймай, қала көшелерін көліктерден арылтады

308 0

Атырауда жаңа сапаржай пайдалануға берілді.

Бұл инфрақұрылымдық нысанның пайлануға берілуі жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеріп қана қоймай, қала көшелерін көліктерден арылтады.

Сапаржай «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. Осы бағдарламаның аясында су, газ, электр өткізіп, жер асты жолдарын төсеу жұмыстарын мемлекет қаржыландырды. Құрылысқа қажетті қаржының бір бөлігін жекеменшік бизнес қаржыландырды: құрылысқа қажет несие жеңілдетілген пайыздармен берілді.

Сапаржай тәулігіне 3 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Онда жолаушылар үшін қажеттінің бәрі бар: екі күту залы, демалатын бөлме, асхана бар. Вокзалдың орналасқан жері қолайлы: Атырау-Орал және Атырау-Астрахань ресубликалық жолдарының қиылысқан жерінде қаланың сыртына қарай орналасқан. Қалааралық автобустар мен бағыттық таксилерге енді облыс орталығына кірудің қажеті жоқ. Бұл қаланың ішіндегі жолдарды кеңейтуге мүкіндік береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!