Астанада көпбалалы аналар марапатталды

Фотография - Астанада көпбалалы аналар марапатталды

Бүгін Отбасы күніне орай Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сағын Бекбол көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқаларды» салтанатты түрде тапсырды

200 0

Бүгін Отбасы күніне орай Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сағын Бекбол көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқаларды» салтанатты түрде тапсырды.

Аудан әкімі атап көрсеткендей, ҚР Президентінің ағымдағы жылы 1 наурызда қол қойған арнайы Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні мерекесі ретінде бекітілді. Осыған орай, ол бірқатар көпбалалы аналарды Отбасы күнімен құттықтап, «Алтын алқа» және «Күміс алқаларды» салтанатты түрде табыс етті.

Жалпы, 2010 жылдан бастап Астана қаласы Алматы ауданында тұратын 1303 көпбалалы ананың 655-сі - «Алтын алқамен», 648-і «Күміс алқамен» марапатталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!